Дарынды балаларға арналған әкім шыршасы
25.12.2025
Мен Адыр станциясы негізгі орта мектебінің 4-сынып оқушысы Абай Інжумін. Жақында мен нағыз ертегі әлеміне — Әкім шыршасына барып қайттым! ✨
Бізге осындай керемет мереке сыйлағаны үшін аудан әкіміне үлкен алғыс айтқым келеді. Шырша өте әдемі, ал мерекелік бағдарлама өте қызықты болды! Біз Аяз атамен және Ақшақармен кездесіп, ән айтып, би биледік. Көңіл-күйіміз керемет болды!
Сондай-ақ, бізге берілген тамаша сыйлықтар үшін де рақмет! Бұл күн менің есімде ұзақ сақталады. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Армандарыңыз орындала берсін!
Просмотров: 43